Қиғаштан жыл бойы балық аулайды

(0 Votes)

Қиғаш өзенінің жағасында орналасқан 6 ауылдық округке қарайтын 11 елді мекендегі тұрғындардың негізгі тіршілігі балық шаруашылығымен тығыз байланысты.

Алайда өзеннен балық аулауға мамыр айынан кейін тыйым салынып келгені түйткілі табылмай тұрған олқылықтың бірі болатын. Ресеймен салыстырғанда шектеу шаралары едәуір жолын шырмаған жергіліктікәсіпорындар үшін шиеленіскен жағдайдың оң шешімі шығарылды. Жағымды жайттың орын алуына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен аудан басшылығының маңызды мәселені көтеру жұмыстары септігін тигізді.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №133 санды бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін жаңа балық аулау квотасы тағайындалды.

Осы бұйрыққа сәйкес қазір «Балық шаруашылықтарының қауымдастығы – ВД» Атырау облысы өкілдігі балық шаруашылығы субъектілеріне Қиғаш өзенінен белгіленген мерзімге орай балық аулау лимитін белгілеуде. Бұл өзгеріс балық аулаушы кәсіпорындардың көрсеткіштері өсіп, бәсекеге қабілетті, ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнім көзін көбейтуіне үлкен мүмкіндік болып отыр. Аудан көлемінде алты табиғат пайдаланушылары бар. Олар: «Каспий – Балық», «Каспий – Таңы», «Амангелді» ӨК, «Ш.Сүлейменов», «Тілекші» ЖШС, "Сарсенбаев Е" ШҚ.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521