Бүгін аудан әкімі М.Мурзиев Қиғаш ауылдық округіне барып, жергілікті қоғамдастық мүшелері, бір топ ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінің «Сазды» шекара бөлімшесі аумағының Мемлекеттік шекарасын берік күзету және Қазақстан Республикасы аумағынан ірі қара малдарын заңсыз шекарадан өтуінің алдын алу мақсатында Қиғаш ауылдық округінде орналасқан №30-№33 шекара белгілері арасындағы темір қоршауын жинап қайта құру бойынша жасалуға тиіс жөндеу жұмыстары тоқтатылғандығын және 2021 жылдың инженерлік жұмыстарын жүргізу жоспарынан алынғандығын тұрғындарға түсіндіру.
Аудан әкімі М.Мурзиев хабарлама жасағаннан кейін сөз алған ауыл тұрғыны А.Лукпанов аудан әкімінің тарапынан осындай түсіндірме жұмыстары жүргізілгені дұрыс болғанын, себебі қазіргі уақытта әр түрлі арандатушылық әрекеттер жүріп жатқанын тілге тиек етті.
Ауыл тұрғыны А.Нурушевтың шекара қоршаулары туралы қойған сұрағына, аталған қоршаулардың бұрынғыша қалатыны туралы жауап қайтарылды.