Қиғашта АӘК алуға мұқтаж отбасы жоқ

(0 Votes)

1179 тұрғыны бар Қиғаш ауылдық округінің әкімі Жігер Жанқанов есепті мерзімде аз жұмыс атқармапты.

Көптен айтылып жүрген мәселе шешімін тауып, Қиғаш ауылы мен Д.Нұрпейісова елді мекенінің арасындағы жол жарықтандырылды. Бұл әрине мектепке ерте барып, кеш қайтатын балалар үшін қолайлы жағдай туғызылғанын көрсетеді. Алдағы уақытта ауыл көшелеріне кезең-кезеңімен жарық шамдары орнатылады. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда арнайы жабдықталған физика, биология кабинеттері жаңадан сатып алынған. Округте атаулы әлеуметтік көмек алуға зәру отбасы Былтыр ешқандай қылмыстық іс тіркелмеген. Мал басы алдыңғы жылдан 9 басқа көбейді, ол 100,3 пайызды құрап отыр.

- Ауылішілік су желісінің құбыры округ әкімі аппаратының теңгеріміне берілді. Оның ұзындығы 6,095 шақырым. 1987 жылы пайдалануға берілген болат материалды құбырлар қазіргі таңда ескірген, істен шығып қалу қаупі бар. Оған қоса, іргелес жатқан Қазақ ауылына жаңадан көшіп келген тұрғындар таза судың құбырын ешқандай жобасыз әркім өзіне ыңғайлы етіп тартып алған. Нәтижесінде көпшілік оның қысымының төмендігін айтып шағымдануда. Осыған орай, ортақ су құбырын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін жұмыстанудамыз, - деген әкім одан әрі түйткілді жайға көбірек көңіл бөлді.

- Қиғаш фельдшерлік акушерлік пунктін жаңа жедел жәрдем көлігімен, дәрігермен қамтамасыз ету, оның ғимаратына, ішкі жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу, мектепте кадр тапшылығын шешу, балабақшаның материалдық базасын жақсарту, ауылдың тазалық жұмыстарына тіркемесімен берілген трактордың жанар-жағар майы мен жүргізуші штатын шешуді қаперге берді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521