2021 жылдың қараша айында «Әуесқой балық аулау базасының құрылысы» жұмыстары аяқталып, іске қосылды.
Инвестор «Вест Моторс Сервис» ЖШС-гі. Инвестиция көлемі 110,0 млн. теңге. Қазіргі таңда, 19 бөлмеден тұратын туристтерге арналған 78 орындық демалыс базасының құрылыс жұмыстары толық аяқталды.
«Қиғаш» әуесқой балық аулау туристік демалыс базасының жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Инвестор «ЕвроСтрой А» ЖШС-гі. Инвестиция көлемі 120,0 млн. теңгені құрады.
Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде туристтерге заманауи, жоғары сапалы қызмет көрсетуге толық мүмкіндік бар.Туристтерді күтетін 24 төсек орыннан, 40 орынға дейін көбейді.