Аудан әкімі Марат Мурзиев, орынбасары Болатбек Сисатов, аудандық мәслихат депутаты Талғат Жұмалиев ауданның жауапты бөлім басшыларымен Қиғаш, Дыңғызыл, Шортанбай, Көптоғай, Байда ауылдық округтерінде болып, әлеуметтік нысандарды аралады.
Мектеп, балабақша, су тазарту қоймаларының жұмыс жасау бағыттарын көріп, алдағы атқарылар жұмыстарды пысықтады.
Қыстың хабарын жеткізер күз келер шақта жылыту маусымы, қысқы дайындық мәселелері қыспаққа алады. Осы бағытта қандай оң өзгерістер барын лауазым иелері көзбен көріп қанықты.
Жаңадан құрылысы жүретін нысандардың белгіленген орындарын барып қарап, аудан әкімі М. Мурзиев жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.