2022 жылғы 16-шы қазанда Құрманғазы ауданының Қиғаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына, 113 – 11 бабының 1 тармағына сәйкес, Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде, 2022 жылғы 17-ші қазандағы Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қиғаш ауылдық округінің әкімі болып тіркеу туралы шешімімен Джунусова Марина Николаевна аудан әкімі М.Мурзиевтің 2022 жылғы 17-ші қазандағы № 349 өкімімен Қиғаш ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Джунусова Марина Николаевна 1966 жылы 03 наурызда Құрманғазы ауданы, Кудряшов селосында дүниеге келген. Ұлты–қазақ.
Білімі–жоғары.
2020 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қиғаш ауылдық округінің тұрғыны.
Еңбек жолы 1984-1986 жылдары Теңіз аудандық АТП-автобазасында слесарь болып қызмет атқарған,
1987 - 1994 жылдары Теңіз аудандық колхозаралық санаторий-профилакториясында кассир,
1995 – 2006 жылдары "Казтранском" АҚ-на қарасты Қиғаш байланыс бөлімінде оператор-байланысшы,
2006 – 2017 жылдары Құрманғазы ауданы "Серпер-2" ЖШС және "Қиғаш ауылдық округі әкімі аппарать" мемлекеттік мекемесінде әртүрлі қызметтер атқарған,
2017 жылдың тамыз айынан бастап "Қиғаш ауылдық округі әкімі аппараты"мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарып келді.
Отбасылы
Аудан әкімі М.Мурзиев жаңадан тағайындалған М.Джунусоваға сәттілік тілей отырып, жұмысына жауапкершілікпен қарап, халықпен тығыз жұмыс жасап, Президентіміздің сындарлы саясатын қолдауда, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосады деген сенімін білдірді.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі