Қараша айының 8-14 жұлдызы аралығында интернет алаяқтыққа қарсы бағытталған «Hi-tech» жедел профилактикалық іс шарасы Ганюшкин станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің аумағында өткізілуде.
Итернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті маңызды мәселесі болып отыр.Қазіргі уақытта кез-келген адамның смартфоны, планшеті бар соған байланысты интернет алаяқтардың құрбанына айналып кетуі әбден мүмкін.Жиі кездесетін интернет алаяқтықтың түрлеріне тоқталсақ: интернет арқылы сауда-саттық жасау кезінде алдын-ала төлем жасатып алдау,өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып жеке деректерді иемдену,азаматтардың құжаттарының көшірмелерін пайдалану арқылы несие алу,қаржы пирамидасы және сіздің нөміріңіз ұтысты жеңімпаз атанды деп қоңырау шалуы.Жоғарыда аталып өткен оқиғаларды болдырмау мақсатында Ганюшкин станциясының теміржол вокзалында, халықпен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ганюшкин ст.ЖПб бастығы полиция капитаны Қ.Ералиев.