Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты үздік ауыл әкімдерін анықтау және насихаттау болып табылады. Аталған конкурсқа өңірдің үздік ауыл әкімі болып танылған Бірлік ауылдық округінің әкімі Гүлжазира Қайратқызы Абенова жолдама алып, бағын сынады.
Атап өту керек, конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен өңірлерден үздік атанған 17 әкім қатысып, белсенділік танытты. Қатысушылар ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларды қорғап, экономикалық және әлеуметтік әсері бар ауылды дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты.
Конкурс қорытындысы бойынша Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылдық округінің әкімі Гүлжазира Қайратқызы жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, облысымыздың мерейін тасытып, абыройын асқақтатты.
А.Шакупова