Аудан тұрғыны жеке кәсіпкер Кумаров Бауыржан Тлешович Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында берілетін мемлекеттік гранттар бойынша «Жарнама агенттігі, матаға, ағашқа, шыныға және мәрмәрге әріптер мен әшекейлер» жобасымен конкурсқа қатысып, 2,5 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болып, цех ашып,өз кәсібін жүргізуде.
Жобаның жалпы құны – 7,5 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта кәсіпкер арнайы цех құрылысын аяқтап, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, «мәрмәр, әйнек, мата және ағашқа ою-өрнек салып жазу» кәсібін жүргізуде.
Мұнда 2Д форматта портрет, түрлі сувенир мен ескерткіш бұйымдар, есімтақта, сонымен қатар 3Д форматта бұйым басатын фрезер станок орнатып, бесік, баспалдақ тіреуіші, отырғыш, сынды бұйымдарды жасаумен айналысады. Бүгінде кәсібінің қолданыс аясын кеңейтіп, 1 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мақсаты: аудан халқын қолжетімді бағада сапалы өнімдермен қамтамасыз ету.