Головкин әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығады

(0 Votes)

Геннадий Головкинге әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасу құқығы берілді.

Бұл туралы Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекті өткізуге рұқсат бергеннен кейін белгілі болды.

Головкин мен Деревянченконың командалары арасындағы келіссөздер сәтті болса, жекпе-жек екі айдан кейін, 5 қазанда DAZN-де өтеді.

Еске сала кетейік, GGG кәсіпқой рекорды - 39 жеңіс, оның 35-і нокаутпен. Сондай-ақ, Головкин бір рет тең түсті және бір жеңілісі бар. Сергей Деревянченко 13 рет жеңіске жетіп (10 нокаут), бір мәрте жеңіліске ұшыраған.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Фото: Ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT