"ҒИБРАТЫ ҮЛГІ БОЛҒАН ҰСТАЗЫМ"

(1 Vote)

1 қазан қариялар күнімен тұспа тұс келген «Мұғалімдер күні» қарсаңында ел мүддесін бәрінен биік қойған, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ұстаздардың ұстазы, саналы ғұмырын оқу мен оқытуға арнаған , өзінің ұрпақтарын да осы бағытқа жетелеп тәрбиелеген білікті басшы, тәлімгер ұстаз Бақтыгереев Меңдіхан Бақтыгерейұлына арналған "Ғибраты үлгі болған ұстазым" тақырыбындағы кезедесу кеші өтті.

Кейінгі ұрпаққа үлгі болған шоқтығы биік, шәкірт тәрбиелеудің үлкен шебері, өз ісінің білгірі Бақтыгереев Меңдіхан Бақтыгрейұлын еске алуға арналған шарамызға ұстазымыздың жары Шалттық апай және ұрпақтары, әріптес інісі Еділ Ғарипұлы және осы мектепте бірге жұмыстас болған, бүгінде ардагер ұстаздарымыздың бір тобы қатысып, шара барысында ағай туралы естелік әңгімелер айтылып, ұстаздардың сомдауында ағайдың жаңа мектептің ашылу сәті көрініс арқылы көрермендерге көрсетіліп, оқушылар мен ұстаздарың өнерлері тамашаланды.

Мектеп директоры Сандуғаш Гарипуллақызы мектептің сол кезден бері жеткен жетістіктеріне тоқталып, барша қонақтарды мерекемен құттықтады.

Бақтыгереев Меңдіхан Бақтыгерейұлының еңбек жолы білім саласының дамуында сан қырлы болды. Еңбекке ерте араласып, ұлағатты өмір мектебінен өтті. Шәкірт тәрбиелей жүріп, шығармашылық жұмыспен ұштастыра отырып, қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдады.Тек сабақ берген шәкірттің ғана ұстазы емес, жас маманды қанаттандыра білген мықты тәлімгер, үйретуші, үлгі алар тұлға болды.

Ұстаз, әдіскер, орынбасар, директорлыққа дейінгі сатыдан өзінің мықты ұйымдастырушылығымен жетті. Еңбек жолының соңғы зейнеткерлікке дейінгі сәтінде осы біздің мектептің басшылығында болды. Ағай тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азамат, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы бола білді. Күні бүгінгі 800ден аса оқушы мен 90мұғалімнің тамаша ғимаратта еңбек етуі осы ағайдың ұлан асыр еңбегінің арқасы екенін мақтана отырып айтамыз.

Мектеп директоры болған кезде ескі ғимараттың жаңа ғимаратқа көшіп жаңа мектептің ашылуына себепкер бірден бір мықты тұлға-ағайымыз екенін кейінгіге паш етеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT