Саясат тек ер адамның айналысатын саласы деген заманнан алыстадық. Бүгінгі күнде әйел де ер де елдік мәселесімен, қоғамдағы болып жатқан жайыттарға өзінің азаматтық парызын еркін білдіреді.
Өзінің қызметтік пікірін ашық айта алады. Бұл әрине зайырлы мемлекет үшін дұрыс құбылыс. Себебі әр адам өзі жеке тұлға. Яғни, ер адам әйел адам болсын ең алдымен жеке тұлға болып қалыптасуы шарт. Демек бүгінгі замандағы гендерлік саясат дегеніміз – әйелдердің экономикалық мүддесін ғана қорғау емес, ерлермен арадағы әлеуметтік тепе-теңдікті де қалыптастыру.
Осы орайда, саясат сахнасына әйелдер қауымын неге көптеп тарту керек деген заңды сұрақ туады. Әйел – ана, әйел – жар әйелден артық бала тәрбиесі, отбасылық қарым-қатынасты реттеу, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді әйелдер қауымы жан жүректерімен сезінеді. Әртүрлі өмір өткелдерінен өткен отбасылық және жеке кәсіби маман болып қалыптасқан әйелдерді саясат сахнасына көптеп тартуда ешқандай әбестік жоқ деп ойлаймын. Керісінше, мемлекет мүддесі үшін еңбек етуді көздейтін әйелдерге қашанда олардың алға шығуы үшін, жетістікке жету үшін біз өз тарапымыздан қолдау көрсету керекпіз.
Ақтілек Абайқызы