Газетке жазылу – елдіктің белгісі

(0 Votes)

«Атырау-Ақпарат» ЖШС ұйымдастыруымен мерзімді баспасөзге жазылу, ақпарат саласында заманауи технологияларды қолдану, БАҚ-тың негізгі бағыттары мен алда тұрған міндеттері жөнінде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кездесу өтті.

Оған «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов, облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бас редакторлары Назарбек Қосшиев, Нәсіп Шалабаева, мекеме және бөлім басшылары, округ әкімдері, газеттің штаттан тыс тілшілері қатысты.

7204551d-3d6c-437c-a4d7-39adb18f7db9

​Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев ашып, бүкіл әлемді есеңгіреткен пандемия кезінде де қиындықтармен текетіресіп, баспасөзге жазылу науқанын өз деңгейінде ұйымдастыруға жұмыстанғандарын жеткізді. «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов:

- Қоғамда сан түрлі ақпарат құралдары қызмет етіп жатса да, олардың қатарында газеттің алар орыны ерекше. Ол – қоғамды адастырмайтын негізгі құрал. Газетті «гаджетпен» алмастырған, рухани азық алудан қол үзген әсіресе жастардың болашағы бізді көбірек алаңдатады. Сондай-ақ, газетті оқырмандарға уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс пошта қызметіне байланысты арыз-шағымдар да жиі түседі. Аталмыш олқылықтардың орнын толтыру – көздеген басты нысанамыз,-деді. ​Одан әрі сөз алған ақын-жазушы, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Таңатар Дәрелов тарихымыз қатталатын газеттің тыныс-тіршілігі туралы тартымды әңгімелеп, облыстық «Атырау» газеті бетіне жарияланған мәні зор мақалаларға оң бағасын берді.

ebc91e0d-878b-4236-8c6d-6f210ff70be5

Сондай-ақ, облыстық «Прикаспийская коммуна», өзге де аудандық-саяси газеттердегі тың серпілісті нақты дәлелдермен тілге тиек етті. ​Ақкөл ауылдық округінің әкімі Әлімбай Әбдірахман газетке оқырманды тарту жолдары туралы өзінің тұщымды-ой пікірлерін ортаға салды.

f89649b8-f967-4e9a-9655-26982c8aadb3

Мәселен, «Газет бетінде түрлі кәсіп саласындағы жаңалықтарға жиі орын беріліп, өнер-білімімен өрге озған таланттар, спорт үздіктері көптеп насихатталса, баспасөзге жазылуда белсенділік танытқан ардагерлер, кәсіпкерлер марапатталса» деген ұсынысы көпшіліктің қолдауына ие болды.

3d28250a-7b71-483a-872f-9b867aa27bb2

​Аудандық Жастар ресурстық орталығының бас маманы Қайыржан Сидалиев халық пен билік арасында алтын көпір болған, жауапты мамандық майталмандары журналистер қауымының жұмысына сәттілік тіледі.

0fb1f62b-6622-4cfa-9474-b566330c6614

0f549bb9-d7ca-4d88-89d6-dd69223dd9b9

Шара соңында «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов газет жанашырлары, тұрақты авторлар Жұмақай Ғұмаров, Сабыржан Сұлтанов, Орынғали Құмарғалиев, Зияда Жоламанова, Зәуреш Абдолова, Қанат Ғұмаровқа басшылық атынан Алғыс хат табыстап, барша жиынға қатысушылардың жылдағы үрдіс бойынша алдағы баспасөзге жазылу науқанын белсенді ұйымдастыратынына сенім білдірді.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521