Газет жанашырына құрмет көрсетті

(0 Votes)

Қандай газет те өзінің оқырманымен ғұмырлы, солармен қадірлі. «Серпер» де аудан айнасынан қол үзбейтін қалың оқырманы мен оларға жағдай жасап, баспасөзге жазылу науқанын өз дәрежесінде ұйымдастырған атқарушы билік өкілдеріне, аз қамтылған отбасыларына көмектескен кәсіпкерлерге әрдайым  үлкен  құрметпен қарайды.

Осындай адамдардың бірі, Мақаш ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Болат Мұфтахов ағамызды бас редакторымыз Айнагүл Шакупова қабылдап,  өткен жыл қорытындысымен арнайы марапатын табыс етіп, жылы лебізін жеткізді.

Құттықтау сөзінде Айнагүл Күнұзаққызы:

- Абыройлы еңбек етіп, жақында ғана зейнет жасына шығып жатырсыз. Көрген бейнетіңіздің зейнетін татып, аман отырыңыз. Ең бастысы деніңіз сау болсын! Баспасөзге жазылу әкімдердің жұмысын, беделін көрсететін үлкен науқан. Төрт жыл округ әкімі қызметін атқарғанда бірде-бір рет мерзімді  баспасөзге жазылуды  орындамай қалған кезіңіз болған жоқ. Сөзімізді жерге тастамай, қызметіңізді абыроймен атқардыңыз. Біз сізге сендік, одан шыға білдіңіз. Сол үшін сізге басты мекемеміз «Атырау-Ақпарат» ЖШС мен редакциямыздың атынан үлкен алғысымызды айтамыз. Апай екеуіңіз жапырақтарыңыз жайқалып, бақытты, шалтты ғұмыр кешіңіздер. Асығыстау жол жүріп кетуіңізге байланысты марапатыңызды табыс етуге кешуілдеп қалып жатқанымызға айып етпеңіз. Өзіңізге табыс еткенді жөн санадық. Себебі, былтырғы баспасөзге жазылу науқанын ұйымдастыру  сіздің таза еңбегіңіз, - деп Алғыс хат пен естелік сыйлығын табыс етті.

Көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген Болат Зейнетоллаұлы: – Сіздерге де үлкен рахмет! Редакцияға қандай шаруамыз түсіп келсек те, кідіртпей бітіре саласыздар. Баспасөзге жазылуда жиі хабарласып, жағдайды сұрап жатасыздар. Бірлесіп жұмыс жасадық. Аудан айнасына қол ұшын беру біздің азаматтық міндетіміз ғой. Қолдан келгенше мекемелерді, кәсіпкерлерді ұйымдастырдық. Жаңадан келген әкіміміз де осы істі жалғастырады деген шанымдамыз. Алғыс айту күнінде кездесіп жатыр екенбіз, еңбектеріңіз жемісті, жақсы күндеріңіз көп болсын, - деді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521