Газбен қамтуда кідіріс болмайды

(0 Votes)

Ауылды аралау дәрігерлік емханадан басталды. Емханадағы 1 дәрігер мен 4 медбике ауылдағы 700 тұрғын мен есепте тұратын 1000-ның үстіндегі адамға дәрігерлік көмек көрсетеді.

Дәрігерлермен әңгімелесіп, жағдаймен танысқан аудан басшысы Қайрат Талапұлы өзінен қандай көмек керегін, ауыз сумен қамтылу жағын сұраған соң: – Газге қосуға сұраныс беріңіздер. Онымен қамтуда кідіріс болмайды. Ғимараттың техпаспорттарын әзірлеп қойыңыз. Ол міндетті түрде керек. Күзге дейін әлеуметтік нысандарға газ түгел тартуды бітіреміз. Бұрынғы жылыту қазандарын бірден ажыратып тастамаңыздар, газ дұрыстап жүріп кеткенше тұрсын. Көгілдір отынмен қамтуда кідіріс немесе бір жерден ақау шыға қалса дереу қоса қоясыздар, - деп,жаңа жылыту қазаны мекеменің сыртынан салынуы қажеттігін ескертті. Газбен қамтылу жөнінде «Қазтрансгазаймақ» АҚ-ның жергілікті жердегі бөлімшесінің басшысы Руслан Нәсиболлаев қосымша түсінік берді.

Ауылдағы қос қабатты Құрманғазы орта мектебінде 142 бала оқиды, 28 ұстаз бар. 50 балалық жатақханада қазір 21 оқушы орналасқан. Мектеп директоры Уәлихан Сағынғалиев білім ұясына және оның жатақханасына бөлек-бөлек күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін алға тартты. Аудан әкімі Қайрат Талапұлы қасына ерген бөлім басшыларына оны алдағы жасалатын жұмыстар туралы жоспарға енгізуді тапсырды. Одан әрі аудан басшысы ауылдағы ауа райын зерттеу орталығында, клубта болып жағдайымен танысты. Соңғысы тозып тұрғанын көрген ол қасына ерген тиісті бөлім басшыларынан клубқа неге жөндеу жасалмағанын сұрады.

Сары құмдар үйге тіреліпті.

Үштаған ауылы сары құмдардың ортасына орналасқан. Шеттегі екі үйді көшпелі құм басуға тақалып қалыпты. Биіктігі үймен бірдей. Ауыл тұрғындары Қайрат Талапұлынан көмектесуін өтінген соң, қасына ерген адамдармен ақылдасты. Қайтар жолында ауыл тұрғындарын көріп, көлігін тоқтатып олармен сөйлескен соң газ тарту бір-ақ рет жүргізілетіндіктен одан моншалары да тыс қалып қоймауы қажеттігін жеткізді. Тұрғындар осылай аралап, жағдаймен танысып жатқаны үшін Қайрат Талапұлына ризашылықтарын білдірді. «Қазтрансгазаймақ» АҚ-ның жергілікті жердегі бөлімшесінің басшысы Руслан Нәсиболлаев тұрғындарды аудан орталығына сабылтпай барлық жұмысты осыдан ақ бітіретіндерін қаперге берді.

Толығырақ «Серпер» газетінен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521