Газ тұтынушылары неге наразы?

(0 Votes)

Нұрлан Өтегенов зираттарды қоршауды әкімдіктен сұрамай-ақ, ауылдастарынан бұл мәселені өзара шешуге шақырса, жағажайдың бәрін ошаған қаптап кеткенін де еске салып, елді мекеннің тазалығына әр тұрғын атсалысу қажеттігін алға тартты.

Еңбек ардагері Ұзақ Жадығұлов теңіздіктер бүгінде ауыз судан тапшылық көрмейтінін, бұл мәселені оңтайлы шешіп берген аудан әкімі Қайрат Талапұлына, аудандық мәслихат депутаты Өмірболат Есенғазиевке зор ризашылығын білдірді. Ауылдағы бұрынғы асхананың орнын саз мектебі етіп ашу, Ұлы Жеңістік 75 жылдығына орай боздақтар ескерткішін жаңғырту, балабақша ғимаратын қалыпқа келтіру сынды ұсыныстарымен бөлісті. Әмір Өтегенов газ мекемесінен келісімшарт жасасуға келдік деген сылтаумен ауылға жиі аяқ басатын алаяқтардың көбейгеніне, көршілеріне 1200 теңгенің түбіртегін беріп, 4000 теңге алып алдап соққандарына ренішін білдірді. Абырой болғанда олар дер кезінде өздерінің желінгендерін түсініп, әлгі алаяқтарды қолға түсіріп, ақшаларын талап еткен.

img_8292

Сондықтан мұндай келеңсіз жағдайлар қайталанбас үшін газ мекемесінен мамандар келіп заң тұрғысынан түсіндіру шараларын жүргізген дұрыс. Шаруа қожалық иесі Мадхат Зұлхожин өзінің отбасы жақында табиғи газдан улана жаздағанынан хабардар етіп, 104 нөмірі қашан соқсаң да жауап бермейтініне ренішін білдіріп, аудан орталығына бірнеше рет дабыл қағып баруының арқасында әзер жөндеу жұмыстарына қол жеткізгенін айтты.

img_8294

Көтерілген мәселелерге аудан әкімі Қайрат Нұртаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Ажығалиев, ауыл әкімі Анарбек Баймұханов жауаптарын берді.

img_8300

Округ әкімі А.Баймұханов атқарған жұмысына көңіл толарлық баға алды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521