Газ құралдарын дұрыс қолданайық!

(0 Votes)

Газ құралдарын оны пайдалануды білмейтін тұлғалар мен балалардың қосуына тыйым салынады.

Газ құбырынан, баллоннан немесе газ құралдарынан газ кетуі байқалған жағдайда тек арнайы мамандар ғана сабынды /көбікті/ ерітіндінің көмегімен өңдеу жүргізеді. Үй ішінен газдың иісі байқалғанда оттық жағуға, электр ажыратқыштарды қолдануға, ашық от (сіріңке) немесе шылым тұтандыруға болмайды.

Егер газ кетуі газ құралының ашық бұрандасынан байқалса оны жауып, үйді мұқият желдету қажет, содан кейін ғана отты жағу керек. Газ плитасын кір-қоқыстан таза ұстау өте маңызды.                                                                            

 Ғарипжан Құрманов,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің

 аға инженері, азаматтық қорғау майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521