ГАЗ ЕСЕПТЕГІШІН АУЫСТЫРА БЕРЕМІЗ БЕ?

(0 Votes)

Бүгінде мемлекетіміз дамып, қол жеткен игіліктердің қызығын көрудеміз.

Соның бірі – көгілдір отын. Газ біздің ауылға ауданымыздың өзге өңірілерімен салыстырғанда кешігіп келді. Дегенмен, игіліктің ерте-кеші жоқ дегендей тұрғындар бұрынғыдай көмір, ағаш, қи жағып, күл шығарудан құтылып, өркениет жетістігіне қуанып қалды. Пешке отынды қымбат бағамен алса, көгілдір отын құны оған қарағанда тиімді, әрі таза. Ауылдастарымның жағдайы жақсылары 2015 жылы-ақ газге қосылса, өзім 2016 жылы наурызда тарттырдым.

Сол жылы қажетті құрал-жабдықтарын Атырау қаласынан көлікпен әкеліп, 157 мың теңге төлеп газді үйге кіргіздім. Су жаңа есептегішін де 2016 жылы наурыз айында орнаттым. Оған әлі 5 жыл да толған жоқ. Қолыма қалам алған себебім газбен қамтитын мекеменің тексерушілері енді осы есептегішті ауыстырыңыз дейді.

Естуімше есептегіштің жарамды мерзімі бес жыл болса, мен неге наурызда 4 жыл болатын оны ауыстыруым керек? Жаңасын орнату кем дегенде 17-18 мыңға шығады екен. Өзім көлденең табысым жоқ, зейнетақыға қарап отырған адаммын. Бұл жалғыз менің басымдағы жайт емес. Біраз отбасыларында мәселе тудырды. Пайдалану мерзімі бітпеген, ақаусыз жұмыс істеп тұрған құрылғыны жаңалау керек дегенге түсіне алмадым. Заңдылығына жүгінсек жалпы осы есептегіштерді неше жылдан кейін ауыстыруға тиіспіз? «Қазтрансгазаймақ» АҚ аудандық филиалы осы жөнінде басылым бетінде түсінік берсе деймін.

Қайыржан Өтепов,

зейнеткер, 8 бекет тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT