Газ 55 теңге, жолақы өзгеріссіз

(0 Votes)

Қаңтардың «қанды оқиғасы» - елдегі газ бағасының аспандауынан орын алған еді. Халықтың билікке ұсынысы оң өзгерісін тауып, бүгінде жанармай бекетіндегі газдың бағасы 120-дан 55 теңгеге арзандады.

Бірақ, бензин құны керсінше. Оның АИ-92 түрі 148-ден 170 теңгеге , АИ-95 158-ден 182 теңгеге дейін көтерілді. Жолақы да баяғы сол жартас. Ауылдан қалаға 4000 теңге, Хиуаздан аудан орталығына 400 теңге, теміржол стансасына дейін 200 теңгемен қатынап жүрміз. Такси жүргізушілері өзіміз сынды пенде болған соң, түсіністік танытып, аспандаған бағаға үндемей келеміз. Бірақ, олар жолақыны түсірудің орнына түрлі сылтау іздеп әлек.

Ауыл мен қаланың арасына таксиден бөлек, қазір «Атырау мен Д.Нұрпейісова» бағытындағы жолаушылар пойызымен қатынап жүрміз. Таксиге жұмсайтын 4000 теңгені үнемдеп, оның жарты бағасына пойызға билет аламыз. Уақыты таңғы үш жарым болғандықтан, Жаңаталап пен Ақкөл ауылдық округіне жеткізетін көлікті алдын ала жалдаймыз. Оған бірден  бару мен қайтар жолын, төлейміз. Соңғы кездері «барға қанағат»қылатын жүргізушілер арасынан ойға келген бағаны қойып қалатындар да кездесе бастады. 400 теңгені місе тұтпай, 8 минуттық жолдың қашықтығына 500-600 теңге сұрайды.  Мұндай құйтырқы әрекетті көргенсіздікке теңесек, айып емес деп ойлаймын. Ішінде жүргізуші куәлігі бар, патенті жоқтар да жүр. Жол билетін сұрасаң, «ауылмен екі араға» берілмейді деп ақталады. Мұндай ессіздіктің шегі бар ма? Қашан жолақының тұрақталған стандарт бағасы белгіленеді? Қарапайым көлік айдаған замандастар да бір сәт ойланғандары жөн. Олар асыраған отбасы, бізде де бар екенін ескерсе екен.  

Назерке Қармысова,

Жаңаталап ауылдық округінің тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT