Гауһар сөзден зер салған - Тұрар аға

(0 Votes)

Тұрар Құрманғалиев –драматург, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, күй өңірінің төл басылымы «Серпер» газетінінің 20 жылға жуық бас редакторы қызметін атқарғанбелгілі көсемсөзші.

Аудандық орталық кітапханада өткен«Гауһар сөзден зер салған – Тұрар аға» атты ақпарат сағаты қоғам қайраткерініңтуғанына 90 жыл толуына орай еске алып, шығармаларын дәріптеуге арналды.

img_0446

Библиограф Сандуғаш Болатқызыталант иесінің тұрмыс кешкен кезеңі, еңбек жолы, марапаттары мен жанұясы жайлы деректерге шолу жасады. Өмірінің тарихи тізбелерінің суреттері бейнероликпенназарға ұсынылды. Кітапханашы Гүлайна Жалғасбайқызы «Туған жердің тау тұлғалы тарланы» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды. Онда парасатты тұлғаныңәр жылдары жарық көрген өлең, проза жинақтары, өзге де жазушылардыңестелік-мақалалары қамтылған. Мәдениет саласының қызметкері Нұрболат Исаев аналарға арналған «Бала махаббаты» әнін домбырамен әуелетіп, көңілді ерекше әсерге бөледі.

i

img_0456

Сөз зергерінің жалғыз қарындасы Жаннат Құрманғалиева: «-Біз Ұлы Отан соғысын көріп, қасіретін сезінген жандармыз. Майданға аттанған әкеміз ерлікпен қаза тауып, артында қалған анамыз ұл мен қызын қиындыққа қайыспай, адам қатарына қосты. Жолдың шалғайлығына қарамастан мектепке барудан да шет қалмай, бір-бір мамандық иесі атанып, отбасылы болдық. Ағамның таланты туған жерімізге таныла бастағанда біз де тілеулестікпен қуанышын бөлістік. «Қарындасым» деп қалам тербеп, қамқорлығын аямаған бауырымның жүрген ізі, жеткен биігі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге»,-деп ұйымдастырушы тарапқа үлкен ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, көрерменнің сұрағы турасында көркем мінезді жеңгесі Күлмай Иманғалиқызынан уәдеге беріктікті, қолда барды қызғанбауды, ер азаматты сыйлап, шаңырақты шайқалтпай ұстауды үйренгенін айтты.

img_0458

«Серпер» газетінің бас редакторының орынбасары Қанат Ғұмаров Тұрар ағаның республикаға атағы шыққан публицист екенін, айтыста жүйріктігін тілге тиік етті. Құдашасы Нұрия апай да сыйлас құдасының шежірені терең білгенінен, азаматтық келбетінен сыр шертті. Кіші немересі Нұршапағат жыр оқып, ойлы бүлдіршін екенін байқатты. Жиені Анар Саясатқызы нағашысының өшпейтін рухани бай мұрасы қалғанын, ақынның көзі тірісінде іздеп, көруді арман еткен әке бейіті табылғанын толқи жеткізді. Және де майдандағы әкесін сағынған анасы туралы жазылған «Қоңыр қыз» құмды анимациясын экран арқылы көрсетті.

img_0466

img_0470

Ақынның адам жанын тербейтін әсерлі өлеңдерін Абай атындағы орта мектептің оқушылары мәнерлей өрбітті. Шараны қорытындылау үшін сөз кезегін кітапхана басшысының міндетін атқарушы Гүлден Айдарбекқызы алып, ұжым атынан қонақтарға естелік сыйлық табыс етті.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521