Ғасыр әже де таңдауын жасады

(0 Votes)

Ғасырдан асқан ғибратты ғұмырының 103-ші көктемін қарсылап отырған аудандағы ең қарт тұрғын Шәміл әже де өз таңдауын жасады.

Кәрілік кірсе де дауыс жәшігін әкелген учаскелік сайлау учаскесінің адамын кереуетінен басын көтеріп қарсы алды. Манадан бері “мама бүгін дауыс беретін күн қазір адамдар келетін шығар” дегесін есік жаққа елеңдеп сергек жатқанмын. Бұл менің нешінші сайлауым екендігі есімде жоқ. Сайлау, дауыс беру деген жақсы ғой, елдің өміріне араласа алатындығыңды сезінгенде біраз жасап тастаған кәрілігіңді де ұмытып кетеді екенсің.

Үйдегілерден білгенім бұл сайлауға өңкей жастар түсіп жатыр екен, менің немерелерімнен де кіші. “Жас өспей ме” дегендей, елдің болашағы солардың қолында ғой, менің бар тілегім ұрпағым жақсы өмір сүрсе деймін. Біз көрген қиындықтардың бір мысқалын да көрмесе екен. Заманымыз тыныш, байтағымыз аман болса екен” деген әжей сөзінің соңын әдеттегідей ақ батасымен түйіндеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT