Абдрахим топ жарды

(0 Votes)

Атырау облысы білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен, 11 сәуір күні жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Pro Eco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. 

Шараның басты мақсаты: Экологиялық проблемаларға қызуғушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары, дарынды оқушыларды анықтау. Аталған конкурстың аудандық кезеңінде жеңімпаз атанып,облысқа жолдама алған 8- сынып оқушымыз Ғайни Абдрахим, облыстан да сүрінбей өтіп, суырылып алға шығып, «Туған өлкем табиғаты» бағыты бойынша жүлделі І орынды қанжығасына байлап, Республикалық байқауға жолданды.

Оқушымыздың жетекшісі биология пәнінің мұғалімі, болашақтан үлкен үміт күттіретін жас маман, Айзада Зияшева. Жас эколог Абдрахимге жарқын болашақ, жеңіс тілейміз!

Б.Анесов,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT