Гагарин мектебінде - жаңа директор

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі КММ-нің директоры болып Нугманова Гаухар Нурлыгайновна тағайындалды.

 Жаңа басшыны ұжымға аудандық білім бөлімінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі №216 бұйрығы бойынша бөлім басшысы Құбаева Гүлфара Өтемісқызы таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Нугманова Гаухар Нурлыгайновна 1972 жылы 9 қазанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селолық округінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетің Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Еңбек жолын Ганюшкин мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі боп бастады. 1996 жылдан бастап М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде өз мамандығы бойынша қызмет атқарып, 2023 жылдың ақпан айынан осы кезеңге дейін мектеп директорының міндетін атқарушы болып жұмыс жасады. Қызмет жылдарында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, “Ақмарал” балабақшасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. ҚР оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен, республикалық, облыстық білім басқармаларының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT