Гүлсара – «Үздік сынып жетекші-2022» байқауының жүлдегері

(0 Votes)

Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік сынып жетекші-2022» байқауында ауданымыздан қатысқан Н.Манаев атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Гүлсара Хамзаева жүлделі ІІ орынды иеленді.

Аталмыш байқаудың алғашқы кезеңінде сынып жетекшілері аудан, қалаларда бәсекеге түсті. Түрлі сыннан сүрінбей өткен үміткерлер облыстық байқауда бақ сынады. Байқау шарты бойынша қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Сосын жетістіктері мен сынып жетекшісі болудың жауапкершілігі тұрғысындағы ой-пайымдарымен таныс¬тырды. Одан кейін шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, нақты критерийлерге сүйенген әділқазылардың оң бағасын алуға тырысты.

Облыстық байқауға аудан, қалалардың мен деген мықтылары іріктеліп келгеннен кейін бәсеке де тартысты болды. Өйткені әрбірінің мойнында бір өңірдің намысы жатыр. Десе де байқау болғаннан кейін оның өз жеңімпазы да болатыны анық. Біздің ауданның мерейін үстем етіп, мәртебесін тасытқан ұстаз Гүлсара Қамзаева жүлделі орыннан көрініп, саладағы шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін байқатты.

zdik-synyp-zhetekshi-20221

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT