Гүлбақыт – сала үздігі

(0 Votes)

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуді мақсат еткен ауыл әйелдерінің V республикалық форумына еліміздің барлық облыстарынан 170 делегат және Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың әйелдер көшбасшылығы саласы ұсынған шетелдік қонақтар қатысты.

Мерейтойлық форум бағдарламасы Қазақстанның ғана емес басқа да елдердің ауыл әйелдерін қолдаудың қолданыстағы тәжірибелерін талқылауды көздейді. - «Орталық Азия әйелдері: мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді сақтай отырып, табысқа және гендерлік теңдікке қол жеткізу» атты панельдік сессиясына спикерлермен қатар Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, АҚШ және Еуропалық одақ сарапшылары, сондай-ақ БҰҰ; Дүниежүзілік банктің өкілдері қатысты. Үш түрлі алаңда тақырыптық пікірталас өткізілді. «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» сериясының төртінші кітабының тұсаукесері өтті. Ұйымдастыру комитетінің төрайым Майра Айсина қазақстандық әйелдерге экономика мен кәсіпкерліктің барлық салаларында есік ашуды көздейтін форумнан олар тек мотивация алып қана қоймай, ең батыл және ауқымды жобаларды жүзеге асыруға қаржылық мүмкіндіктерге ие болып отырғанын жеткізді, - дейді ауданымыздан қатысқан халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Гүлбақыт Мырзабекқызы. Ол форум аясында «Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусиннің алғыс хатымен марапатталды. Жалпы, Атырау облысынан түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген 20 әйел адам қатысып, оның 8-і түрлі номинацияларға ие болған.

glbakhyt-11_jpg22

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521