Гүл сыйлау кеңінен таралған (жекелеген мұсылман елдерінде болмауы мүмкін). Біздің Елде де бұл әбден сіңісті дағдыға айналды.
Дегенмен соңғы кезде гүл сыйлау міндетті ме деген сұрақ туындап жүр. Жалпы гүл сыйлау бізде бұрын болған ба, тарихы қандай, мәні неде ?
Шолу жасап шықсам гүл сыйлау бізге Ресейден, ал Ресейге Европадан келген сыңайлы. Орыстарды үш жүз билеген Романовтар әулеті тұсында бастап еніп Х|Х ғасырда қалыптаса бастаған. Оған себепші француз актрисасы Мария Тальони түрткі болған деген ақпарт бар. Осы кезден бастап алдымен актрисаларға, кейін гүлді әйелдерге беру дәстүрге енген.
Ал көне заманда өлген адамдарды шығарып салған кезде пайдаланса, гректер мен үнділер құдайларының мүсіндеріне (бүгін де бар) апарып қойған.
Соңғы жылдары менің де гүл сыйлауға деген көзқарасым өзгеріп келеді.
Біріншіден біз басым көпшілігінде өлі гүл сыйлаймыз. Тірі адамғада өлі дүниені сыйлау құрмет көрсетумен қаншалықты үйлесімді.
Бұл гүлдерді екі-үш күннен асырмай қоқыс қорабына салып лақтырып тастаймыз. Гүл нарығы арзан емес. Мына заманда бір мыңға зар болып жүргендер бар кезде кемінде 3 - 5 мың теңгені қоқысқа тастай салу асылық емес пе ?
Екіншіден гүлдер табиғи емес, арнайы орын жайларда химиялық қосындылар пайдалана отырып өсірілетіні жасырын емес. Оның денсаулыққа зияны қандай, бұл да маңызды.
Ірі шет елдік компания өкілі ретінде Голландияда жұмыс жасаған бір қазақ жігіті әйелінің қайтыс болуына осы гүл плантациялары себепші болды деген еді.
Әйелі күн сайын үлкен алқаптарға егілген гүл плантацияларын бірнеше сағат аралап жүреді екен. Ол плантацияларда дүние жүзіне сатуға арналған әр түрлі түсті Голландия розалары өсірілетін болған.
Студенттік кездегі группаласымның айтқаны есіме түсіп отыр. Ата анасымен Алматыға пойызбен барып түседі, пероннан күтіп алған апасы бір букет гүлді береді. Сөйтсе ол букетті лақтырып жіберіп әкесі қызын бауырына басып, маңдайынан искепті. Иә, оған әртүрлі қарауға болар. Бірақ бұл қазақи танымға таныс емес дүниені ақсақал қабылдамаған ғой деймін.
Жалпы қазірғы кезде гүлден көрі пайдасы бар (бір қорап шоколад немесе т.б) дүниені ұсынса ол да құрмет сыйластықтың белгісі ғой деген пікірдемін.
Сәрсенбай Еңсегенов