Футбол алаңы ашылды

(0 Votes)

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ АУДАНДА СПОРТ САЛАСЫНДА СОНЫ СЕРПІН БАЙҚАЛАДЫ. ӘСІРЕСЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫ АЯ СЫНДА ТҮРЛІ КЕШЕНДЕР МЕН ОЙЫН АЛАҢДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ. ОНЫҢ ДЕНІ МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНА САЛЫНЫП ЖАТСА, ЕНДІ ӨҢІР ӨНДІРІСІНІҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖАТҚАН ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН ДЕ ОСЫНДАЙ СЫЙ ЖАСАЛУДА.

Күні кеше Құрманғазы ауылдық округінің Кіресті ауылында жастарға арналған жаңа футбол алаңы ашылды. Салтанатты шарада округ әкімі Абдуррахман Муса сөз сөйлеп, тұрғындарды құттықтады.

– Жаңа алаң Кіресті ауылындағы жастардың бос уақытын тиімді өткізуге және салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді. Алаңның құрылысы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды. Мердігер мекеме «Інжу” ЖШС-і- дей келе, округ басшысы кәсіпкерлік иесі Азамат Талапұлына Алғыс хатын ұсынып және ауыл жастарына естелік сыйлығы мен допты сыйға тартты. 

-  Бұрын мұндай нысандар әдетте қалалық жерлерде бой көтеріп, шаһарда өмір сүретін жастар үшін ғана қолжетімді еді. Енді, міне, ауылымызда да заманауи үлгідегі ашық алаң салынып, ауыл жастары спортпен шұғылдануға басымдық беріліп отыр. Осы спорт алаңында дені сау, рухы таза, патриоттық сезімі мол біздің ауыл жастары спортпен шұғылданып, біздің өңірден де болашақта Қазақстанның көк байрағын биіктерге көтеретін футболшы спортшылар шыға берсін»,- деген ақ батасын берді еңбек ардагері Ғалымжан Жұбанғалиев. Жаңа алаңның лента қию рәсімін округ әкімі Абдуррахман Рахметұлы мен ауыл ақсақалы Ғалымжан Жұбанғалиев қиды.
Ауыл жастарының ұйымдастыруымен футболдан турнир жалғасын тапты. Нәтижесінде Ардагерлер командасы жеңімпаз атанса, 1989-1990 жылғылар ІІ орыннан, Жастар командасы ІІІ орыннан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, грамоталар және қаржылай сертификат тапсырылды.

Осылайша, аудан орталығындағы ойын алаңдары тағы бір жаңа нысанмен толықты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT