Футбол алаңы қайта жасақталды

(0 Votes)

Жастар – болашақтың тірегі. Олар мемлекет іргетасының берік болуына, тәуелсіздік тұғырының биіктеуіне өзіндік үлес қосуы тиіс. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ертеңгі ел тізгінін ұстаушыларға үлкен сенім артып, оларды қолдау мақсатында бірқатар бастамаларды жолға қойды.

Мақаш ауылы жастарының бірауыздылығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін жақсы қасиеттері көпке үлгі. Сөзіме дәлел келтірсем, округке қарасты мекемелер, шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтің қолдауы және ауыл жастарының ұйымдасуымен жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен 87 отбасыға қайырымдылық шарасы жасалды.

stadion1

Олардың белсенділігін осыдан 5-6 жыл бұрын «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен іргесі қаланған футбол алаңын өз күштерімен қайта жасақтағандарынан да байқауымызға болады. Айналдырған 1-2 аптаның ішінде алаңға жасанды төсеніш төсеп, сыртын темірмен биік қылып қоршап, жарығына дейін ретімен қондырған. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатымен алаңда асыр сап жүрген бір топ жастарды көргенде көз сүйсінеді. Балаларының әлеуметтік желілердің әлемінен бір сәт босап, бос уақытын спортқа арнағаны ата-аналар үшін де үлкен қуанышқа айналды.

 Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT