Фронт офис ашылды

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық сотында келушілерге ақпараттық көмек көрсететін фронт- офис ашылды.

Салтанатты шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев, аудандық билер кеңесінің мүшесі, кәсіпқой емес медиатор Зайыр Хидуллин және полиция бөлімінің өкілдері қатысты.

2

Аудандық соттың төрағасы Ерболат Аманғалиев фронт офисті ашып, бұл жаңашылдықтың мақсаты «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасы аясында ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету екенін жеткізіп, осы жерде дауларды әділ және уақытылы шешуге барлық жағдай жасалғанын, қызметтердің көпшілігі электрондық түрде көрсетілетінін айтты. Фронт офисқа құжаттар қабылдайтын кеңсе, өзіне-өзі қызмет ету аумағы кіреді. Офис барлық заманауи талаптарға сәйкестендіріліп, арнайы кеңсе техникасымен, күту аймағы, ыңғайлы орындықтармен, желдеткіш жүйелерімен жабдықталған.

Нұрлан Жұмабаев,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521