Филиалда жаңа төраға

(0 Votes)

Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы болып өтті.

Күн тәртібіне аудандық филиал төрағасын сайлау және саяси кеңес, саяси кеңес бюросы мүшелері құрамын қайта сайлау қойылды.

i

Бірінші мәселе бойынша аудандық филиал төрағасының орынбасары Өмірболат Есенғазиев сөйлеп, бұрынғы аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Б.Шаяхметовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Н.Ноғаевтың ұсынымымен, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың келісімімен аудандық филиал төрағалығына Нұртаев Қайрат Талапұлының кандидатурасын ұсынып дауысқа қойды. Конференция делегаттары бірауыздан қолдауларын білдірді.

i

Жаңадан сайланған филиал төрағасы, аудан әкімі Қ.Нұртаев сенім білдіргені үшін рахметін айтып, бар күші мен білімін, білігін еліміздің өркендеуі жолына, партияның алға қойып отырған тапсымаларын жүзеге асыруға жұмсайтынын жеткізді. Облыстық мәслихаттың депутаты, саяси кеңес мүшесі Сабыржан Сұлтанов төрағаның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Екінші мәселеге орай аудандық филиалдың есеп және статистика секторының меңгерушісі Ақынжан Хұсайынов 17 адамнан тұратын саяси кеңесі құрамына, оның бюор құрамына сайланатын партия мүшелерінің есімдерімен таныстырды. Дауысқа салу кезінде партия мүшесі, Орлы ауылдық округінің әкімі Асқар Мұфтах жаңа құрамға бастауыш партия ұйымдарынан да саяси кеңес құрамына қатыстырылуы қажеттігін айтты. Ұсыныстар негізінде тізімге өзгертулер енгізіліп бірауыздан мақұлданды. Конференция қаулысы да дауысқа салынып мақұлданды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT