Фельдшерлер жүкті әйелді жеңіл босандырып алды

(0 Votes)

11.09.2024 күні Құрманғазы ауданы Хиуаз елді мекенінен кешкі сағат 21:38 шамасында жедел жәрдемге жүкті әйелге шақырту түсті. 

Сол мезетте Хиуаздан шақыртудан шығып бара жатқан біздің бригадаға жүкті әйелдің шақыртуын берді. Шақыртуға 21:41 шамасында жеттік. Қарау барысында жүкті әйелден дереу толғақ қабылдауға дайындалдық. Жүкті әйел жеңіл босанып, нәрестесін бауырына аман-есен басты. Ана мен бала жағдайы жақсы. Кішкентай сәбиіміздің жынысы-ұл.

Алғашқы көмектерді көрсетіп Құрманғазы аудандық ауруханасына тасымалдадық.

Алғашқы медициналық көмекті көрсеткен Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының Құрманғазы аудандық 103 қызметкерлері Фельдшер Мусагалиев Руслан Сабитович, Камиева Альбина Радиковна. Жүргізуші: Баширов Акылбек Келлярович

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT