Құрманғазы аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Б. Бегалиев атындағы мектеп базасында ұлттық киімдерді дәріптеу мақсатында «Трендте ұлттық киімдер» атты сән көрсетілімі ұйымдастырылды.
Сән көрсетілімі екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде классикалық ұлттық стильдегі мектеп формалары таныстырылып, оқушыларға арналған заманауи үлгідегі ұлттық нақыштағы киімдер ұсынылды. Екінші бөлімде отбасылық бірлікті көрсететін «Family Look» стилі насихатталды. Бұл бөлімде әрбір отбасының бірыңғай және үйлесімді образы көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара соңында барлық қатысушы мектеп оқушылары мен отбасыларға Құрманғазы аудандық білім бөлімі атынан алғысхаттар беріліп, ерекше көзге түскендерге түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды.
Бұл шара ұлттық киімдерді заманауи үлгіде насихаттау арқылы оқушыларды ұлттық мәдениетке баулуды және отбасылық құндылықтарды дәріптеуді көздеді. Сән көрсетілімі көрермендерге ерекше әсер қалдырып, ұлттық киімнің сән әлеміндегі өзектілігін айқындады.
Айнагүл Күнұзаққызы