«ЕВРОПА-АЗИЯ» ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛІ

(0 Votes)

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында өткен, Халықаралық туризм күніне арналған ХХІІ «Европа-Азия» туристік фестиваліне 16 команда қатысып бақтарын сынады.

Фестивалдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша тәжірибе жинақтау және насихаттау. 16 команда түрлі сайыстарда өздерінің жоғары дайындықтарын, шеберліктерін көрсетті. Жеңіске деген үміттерін жалаулатқан олардың қай-қайсысы да жүлделі орындардан үміткер болғандықтан аянып қалмады.

turist2

Осы жарысқа Атырау облысының атынан Құрманғазы ауданының жас туристер бекетінің командасы қатысты. Өңіріміздің абыройын қорғаған жерлестеріміз сенімді ақтап жалпы есепте «С» тобы бойынша жалпыкомандалық есепте ІІ орынды жеңіп алды. Сондай-ақ «техникалық қашықтық» және «эстафета» қашықтығы бойынша ІІ орынға ие болды. Аталған фестивалде жас туристер бекетінің командасы құрамында қатысқан өлкетану бойынша бөлім меңгерушісі Алтай Ғилаев, Бердібек Мажитов, Дәурен Дүйсенғалиев, Жасұлан Ғалымжанов және Бегалиев орта мектебінің медбикесі Еділ Молдашева намысты қолдан бермей жақсы жетістіктерге жетті. Жан-жақты дайындықпен келген командалардың арасынан екінші орынға табан тіреген жерлестерімізге жеңістеріңіз жалғасын таба берсін дейміз.

turist3

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521