Еуростандартқа сай балық өнімдері

(1 Vote)

Аудан көлемінде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес қызмет атқаратын «Каспий-Балық», «Каспий таңы» ӨК, «Ш.Сүлейменов» ЖШС, «Е.Сәрсенбаев» ЖК бар.

Олардан басқа Атырау қаласындағы «Аманкелді», «Тілекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бөлімшелері аудан аумағында балық шаруашылығымен айналысады. Табиғат пайдаланушылар 2020 жылғы науқан басталғаннан бері 2476 тонна балық аулап, бөлінген 2537 тонна лимитті 98%-ға орындады. Жаңадан тағайындалған балық аулау квотасына сәйкес, бөлінген 5420 тонна лимиттің 1728 тоннасы ауланды, яғни, 32 пайызға орындалды. Есепті мерзім ішінде 3361 тонна балық Ресей Федерациясы, Грузия, Украина елдеріне  экспортқа шығарылды. Ауланған балықтардың басым бөлігі шет елдерге мұздатылған, салқындатылған, қатырылған, кептірілген күйінде өңделіп, евростандартқа сай жөнелтілді.

2020 жылы аудан орталығында ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің (ет, сүт, балық өнімдері, ұннан жасалатын тағамдар) өнімдер жәрмеңкесі 12 рет өткізіліп, тауарлар 10-15 пайызға базар бағасынан арзан саудаланды.  Жәрмеңкенің жылдағыдан аз болу себебі ел арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы індетінің таралуына байланысты үнемі өткізуге мүмкіндік болмады.

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT