Этнодизайнердің шеберлік сабағы өтті

(0 Votes)

Аудандық орталық кітапханада ұлттық құндылықтар мен халық дәстүрін дәріптеу мақсатында этнодизайнер, кәсіпкер, "Kinnes" рекордының қатысушысы, "Хас Шебер" қоғамының мүшесі, "КЭДО" мүшесі, текті қолөнерші, "EtnoAlem" ішкі саясат менеджмент жобасының коучы Дасаева Динаның қатысуымен шеберлік сабағы өтті.

Ұлттық өнерді насихаттап, шәкірт тәрбиелеп жүрген шебер кітапхана оқырмандарына өзінің қолынан шыққан бұйымдарымен таныстырып, ұлттық болмысымызды айшықтайтын киіз басу өнерінің қыр-сырын үйретті. Шара барысында "Қазақтың қолөнері - өшпес құндылығымыз" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. ОКЖ директоры Анар Нуриқызы қолөнерші Дина Дасаеваға ризашылығын білдіріп, Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT