Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қағидалары талаптарын сақтау , қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу мәселелері бойынша Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызметшілер арасындапікір алмасу отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлімнің бас маманы С.Кабдолов, Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидалары талаптарымен таныстырып, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін атқаруда қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға тиіс екендігі жөнінде тоқталып, қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу мәселелері туралы хабарлама жасады.
Бөлімнің бас маман С.Сахтаганов- Мемлекеттік қызметшілер мiнез-құлық қағидаларын құрметтеп, жеке қабылдау, телефонмен сөйлесу және бір-бірімен сыпайы сәлемдесуге және дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнінде өз пікірін білдірді .
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп қағидалары талаптарымен танысып, қарсы пікірде ұсыныстар болған жоқ.