Ет пен балыққа сұраныс жоғары

(1 Vote)

«Жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді», «Ет дегенде бет бар ма?», «Балық жеңіл ас», деп бекер айтылмаған.

Көкөніс пен жеміс-жидекті қаншама дәрумені көп дей берсін, дастарханда ет пен балық болмаса қазекеңе жұт келгендей көрінетіні анық. Ал, олардың бағасының қолжетімділігі халыққа да тиімді. Жалақыдан жалақыға дейін әрең жететін отбасыларының қымбат бағаны қалтасы көтермейді. Сол себепті жәрмеңкелерді асыға күтіп жүретіндер жеткілікті. Бір жақсысы соңғы кездері олар да жиі өтіп тұрады.

zhrmeke1

zhrmeke2

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Атырау қаласындағы Сарайшық базарында арзан азық-түлік жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеге Құрманғазы ауданы әкімдігі және аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен «Құрманғазы СДО», «Сүйіндік», «Амангелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Шәміш Сүлейменов», «Зүлқожа Нәжімеденов» шаруа қожалықтары, «Бұйырғын» құс фабрикасы сияқты ауданымыздың іргелі шаруашылықтары белсене қатысуда. Басында мамандарымен бірге жүрген бөлім басшысы Руслан Талапұлының айтуынша олар апарған 2 тонна балық, 3 тонна ет өнімдеріне атыраулықтардың сұранысы жоғары.

zhrmeke3

Етті 1 келімен есептегенде сиыр-1750, түйе-1800, жылқы-1900, қой 1700-1800, құс еті-800 теңгемен сатылуда. Сол сияқты сазанның 1 келісі 450, көксерке-800, жайын-1000, шортан-450, жаңа ауланған табан-200, қарагөз-650 теңгемен өтіп жатыр. Бұл қазіргі уақытпен алғанда айтарлықтай қымбат баға емес.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT