Ет экспортымен айналысуымыз қажет

(0 Votes)

«Turkistan» газетінде жарияланған «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты маңызды бағыттарды айқындады.

Аталған сұхбатта Президентіміз Үкіметтің алдына заманауи инженерлік және сервистік инфрақұрылымы бар көлік-логистика тораптарын салу, теңіз порттарын, әуежайлар мен теміржол вокзалдарын жаңғыртып жөндеу, сондай-ақ тиімді цифрлық экожүйе қалыптастыру міндеті қойылғанын жеткізді.

 Ауданымызға облыс әкімі Серік Шапкенов келгенде аймағымыз бойынша барлық вокзалдар жөнделіп, ескілері қайтадан салынатынын айтқан болатын. Қазір Ақкөлдегі теміржол вокзалы да жөндеуден өтуде. Шаруаларға былтыр 1 триллион теңге жеңілдетілген несие берілген. Соңғы он жылда оларға көрсетілген қолдаудың көлемі 10 есеге артқан. Егін шаруашылығында астық пен ұн экспорты рекордтық деңгейге жетіп, экспортымыздың географиясы кеңейе түскен.

 «Бұл – егіннің шығымдылығы мен ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға арналған шаралардың нақты нәтижесі. Енді басқа бағыттардағы жұмысты күшейту қажет. Ең алдымен, мал шаруашылығын дамыту керек. 2035 жылға қарай әлемде мал етін тұтыну көлемі 233 миллион тоннаға дейін өседі. Соған сәйкес, оның импорты 27 миллион тоннаға дейін артады. Қазақстанның, сыртқа, әсіресе, Азия елдеріне ет шығаратын ірі экспорттаушыға айналатын мүмкіндігі бар», деген Президентіміз шағын шаруашылықтар жеткілікті көлемде субсидия ала алмай отырғанын алға тартып, Үкіметке осы мәселеге айрықша назар аудару туралы тапсырма берілгенін жеткізді.

 Болатбек Өтегенов,

аудандық мәслихаттың депутаты, Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT