Естен кетпес 10 күнім

(0 Votes)

Жазғы каникул кезінде әжеммен бірге Алматы қаласындағы «Көктем» шипажайында демалып қайтудың сәті түсті.

Іле Алатауының баурайындағы сауықтыру орны өзінің әсем табиғатымен, таза ауа райымен, шипалы минералды суларымен, қызметкерлердің ілтипаттылығымен ерекше баурап алды. Санаторийдің сан жылдарға жалғасқан тарихынан білгенім Ұлы Отан соғысы кезінде жаралы жауынгерлерді емдеп-сауықтырып, қайтадан қатарға қосылуға септіктерін тигізіпті. Кейінгі жылдарда да еңбек адамдарының денсаулықтарын жақсартуға атсалысыпты.

Мұнда емдеумен қатар, мәдени-көпшілік жұмыстары да жоғары деңгейде жүргізіледі. Түнгі Алматыға, әйгілі «Көк төбеге», Медеу мұз айдынына, Желтоқсан алаңына, табиғатымен таңқалдыратын Шымбұлақ шатқалына, Талғар асуына, Назарбаев шыңына, Алматы көліне саяхаттар ұйымдастырды. Әсем қала маңында өткізген 10 күннен алған әсерімді айтып өту жеткіліксіз. Мектеп қабырғасындағы соңғы каникулда көрген қызықтарым бала жүрегімде мәңгі жазылып қалары сөзсіз.

Бибіфатима Серікбаева,

Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің 10 сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521