Эссе жазудан үздік нәтиже көрсетті

(0 Votes)

«Ақтабан шұбырынды-Алқакөл сұлама» оқиғасына 350 жыл толуына орай Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының жетекшілігімен өткен республикалық «Елім-ай» онлайн байқауында эссе жазудан үздік нәтиже көрсеткен оқырманымыз, Н.Манаев орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қаден Еркежан Байболатқызы 1 орынды иемденді.

Оқырманымызбен қуанышты жаңалықпен бөлісу мақсатында кітапханаға шақырып, аудандық ОКЖ директоры Анар Нуриқызы ұйымдастырушылар дайындаған арнайы диплом, 30 000 теңге қаржылай сыйлық және «Түркістан тарихы» естелік кітабын табыс етті.

Кітапхана ұжымы атынан оқырманымыз Еркежан Байболатқызына және жетекшісі Камзаева Гулсара Мәдениетқызына алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT