Аптап ыстықта жаға бойын жағалағандарға судағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында ескерту рейді жүргізілді.
Оны аудандық төтенше жағдай бөлімінің судан құтқару жасағы мен Ішкі істер бөлімі өкілдері ұйымдастырды. Осы уақытқа дейін 650-ге жуық ескерту қағазы таратылса да, қауіпсіздік талаптарын сақтап жатқандар жоқ екен.
– арнайы қайықпен күн сайын Шарон, Қиғаш өзендеріне ескерту рейдтерін өткіземіз. Алайда, тұрғындар суға түсуін тоқтатпайды. Олар рұқсат етілмеген жерге шомылуға әуес. Олардың басым бөлігі – жасөспірімдер. Көбіне шомылушылар шипажайдың тұсында, РТС, Утера, Богатый, Котяев ауылдарында кездеседі,-дейді судан құтқарушы Жанғабыл Арманов.
Еске салайық жыл басынан бері суға кету фактісі бойынша екі қайғылы оқиға тіркелген.
Жайдарлым Еркебұланқызы