Еске алу турнирін ұйымдастырды

(0 Votes)

Нұржау ауылдық округінің 1974 жылы дүниеге келген азаматтары ауыл жастары арасында құрдастары Серікбаев Нұрланды еске алуға арналған кіші аяқ добынан турнир ұйымдастырды.

Аталған жарыстың ашылу салтанатында ұйымдастырушылар атынан Илясов Эдуард, Нұржау ауылдық округінің әкімі Мұғалім Мұрабек сөйлеп, Н.Серікбаевті жылы лебізбен еске алды. Марқомның әкесі Өсер Серікбаев қатысып жатқан командаларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Жарысқа 12 команда қатысып, өте тартысты да қызықты өтті.

Қорытынды нәтиже  бойынша  жүлделі  І орынды  1998 жылғылар командасы жеңіп алса, ІІ  орынды 1997 жылғы жігіттер қанжығасына байлады. Ал, ІІІ  орынды 1992 жылы туған жігіттер иеленді. Сондай-ақ, жақсы ойындарымен көзге түскен спортшылар түрлі аталымдармен марапатталды. Құрақов Дастан – «Үздік қақпашы», Нұрдәулет Шапихов – «Сұрмерген», Демир Жаңбырбай – «Үздік ойыншы» атанды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар, медальдар және кубоктармен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT