Есімін ел өшірмеген

(1 Vote)

Бейбіт елдің ұландарына жаңа өмір сыйлау жолында Отан соғысына қатысып, жанын шүберекке түйіп, соғысқан ерлердің есімі – ел есінде. 

Олардың бірі дін-аман елге оралса, енді бірінің сүйегі жат жерге бұйырды. Бүгін 1992-2001 жылдың 7 сәуірінде тәжік - ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстанның ішкі әскерінің 17 жауынгерін  өңірдегі сол майданның ардагерлері құрметпен еске алды. Құрылғанына  бес жыл болған аудандық бірлестік басшысы Забих Даулетов шекара өтінде батырлықпен көз жұмған сарбаздардың есімі елмен бірге жасай беретінін атап өтті.  - «Өлім мен өмір арасында бірге шайқасып, ерлікпен опат болған бауырларымыз үшін қой сойып, құран бағыштадық. Құрманғазы ауылдық округі әкімдігінен көмекке мұқтаж жеті отбасының тізімін алып, марқұмдардың атынан сауапты іс жасамақ ниетпен оларға күнделікті тұрмыста қажетті май, сүт, ет, күріш, шай, макарон өнімдерін тараттық. Жаратқан ниетімізді қабыл қылып, бұл өмірде амалы тоқтаған бауырларымызды панасына алсын деген тілегіміз бар»,- деді Забих Отарғалиұлы. Ардагерлер әр үйдің есігін қағып, өз қолдарымен азық-түлікке толы себетті табыстады. Кенеттен болған сыйға  отбасылар да мәз-мейрам болып, алғысын білдірді. Қаруластар қайырымдылық шарасын одан әрі «Боздақтар» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен жалғастырды. Оған тәжік-ауған соғысының батырларынан бөлек, Чернобль апатына қатысқан ерлер, аудандық Қорғаныс өкілдері мен Қарабақ соғысында шайқасқан сарбаздар қатысты.

ardagerler1

Айта кетейік, тәжік-ауған соғысына өңірімізден 53 ер аттанып, тоғыз адам қарулы қақтығыста шейт болса, алтауы елге оралып, дәм-тұзы туған жерде таусылды. Жалпы, 7 сәуір мен 9 мамыр аралығы бұл ержүректер үшін «Ерлік» айы боп саналады. Қазіргі таңда өскелең ұрпақты патриттық тәрбиелеуге байланысты көптеген жұмыстарды атқаруда. 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521