Есіңде болсын, әуесқой балықшы!

(0 Votes)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығының 1-қосымшасындағы 23 тармақтың 3 тармақшасына сәйкес, Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта әуесқой балық аулауға тыйым салынады.

Рұқсат етілмеген мезгілде қармақ құрып, балық аулаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қысқартылған тәртіппен 5 АЕК мөлшерінде 13 890 теңге, ал жеті күнде төлемеген жағдайда 10 АЕК, яғни 27 780 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылады.

Бұдан басқа, Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қыркүйегіндегі №286 «Атырау облысы Құрманғазы ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысымен әуесқой балық аулау аймақтары бекітілді. Ол бойынша әуесқой балық аулауға тек елді мекен шегінде рұқсат беріледі. Бұл жөнінде, аудандық «Серпер» газетіне аталған аудан әкімдігінің қаулысы жарияланды. Алайда, қазіргі таңда да әуесқой балық аулау аймақтарынан тыс жерлерде қармақ құрған тұлғаларды жиі кездестіреміз. Бұлай жалғаса беретін болса, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құық бұзушылық туралы кодексінің 383 бабының 1 бөлігі бойынша хаттама жасақталып, қысқартылған тәртіппен 5 АЕК мөлерінде 13 890 теңге, ал жеті күнде төлемеген жағдайда 10 АЕК 27 780 теңге әкімшілік айыппұл салынатынын ескертеміз.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Құрманғазы инспекциясы бөлімі жоғарыда аталған заңнама талаптарын қаперіңізге бере отырып, оларды қатаң сақтауға және бұзушылыққа жол бермеуге шақырады.

Нұрболат Каратекеев,

облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Құрманғазы инспекциясы бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT