Есепшотынан ақша ұрланды

(0 Votes)

Интернет алаяқтық дегенге көбіміз басымызға түспесе сене бермейміз ғой. Алаяқтарға да керегі осы.

Біреудің мүлкін оңай именденгісі келетіндер неше түрлі қитұрқылыққа барады. Бүгін бір әріптесіміздің «құдағайы» Instagram әлеуметтік желісі арқылы хабарласып, өзіне көмектесуін өтінген. Яғни, «Маған банкомат карточкаңыздың екі жағын суретке түсіріп жібере қойыңыз, мен сізге ақша аударайын. Кейін ішке барып сізден ала қоярмын», депті. Ойында ештеңе жоқ ақкөңіл әріптесіміз айтқанын істеген.

Біраздан кейін құдағайының телефонына хабарласып ақшаны неге жібермей жатқанын сұрайды. Сөйтсе, шын құдағайы аң-таң. Ол инстаға ештеңе жазбаған. Мұны естіген әріптесіміз дереу есепшотын қараса онда қалған 8000 теңгесін әлдекім суырып алыпты. Есепшотында көп ақша қалдырмағаны қандай жақсы болған. Әйтсе де, адал еңбекпен келген әр тиын қымбат.

Әрине, ерте ме кеш пе алаяқ тұтылады. Бірақ, біз де сақ болайық. Ертең бұл жағдай тағы біріміздің басымызда қайталануы мүмкін. Сондықтан, естеріңізде болсын, тіпті «туған әкеңізбін» деп жазса да, көзбе-көз көрмейінше, дауысын естіп сөйлеспейінше банкомат карточкасының екі жағын бірдей түсіріп жібермеңіз. Алаяқ сіздің телефон нөміріңізді әлеуметтік желіден немесе сізбен таныс басқа адамнан ала салуы мүмкін. Сол сияқты электронды поштамен келген күмәнді хаттарды да ашпаңыз. Компьютерге немесе телефоныңызға вирус кіреді де, ондағы сақтаулы барлық мәліметтер алаяқтың қолына түседі.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521