Ертеңіміз жарқын боларына сенемін

(0 Votes)

Жексенбі күні болғанымен, сайлауға ертерек барып, дауыс беріп тастағанды жөн санадым. Мұны өзімінің басты міндетім деп ойладым.  Ел болашағы үшін әрқайсысымыздың дауысымыз маңызды сәтте саяси сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу адам таңдау жасаудан қалай ғана сырттап қалады.

Себебі, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмысы, жастарымыздың келешегі, сыртқы және ішкі саясатымыз осы сайлаудан кейін айқындалады.

Өз сайлау учаскеме келген кезде көңілге қуаныш сыйлағаны ертемен жастар да келіп дауыс беріп жатты.

Көппен бірге мен де  өз таңдауымды жасадым. Сайлаудан кейін халықтың мандатын алған Президентіміз Қазақстанды жарқын болашаққа бастайтынына сенімдімін! Еліміздің алдында үлкен міндеттер тұр. Соның бәрін бірлесе атқарсақ, дамыған елдер қатарына қосыларымыз анық. Ертеңіміз жарқын боларына сенемін! Бірлігіміз берік, іргеміз тыныш, келешегіміз кемел бола берсін!

Өмірзақ Қажымғалиев,

академик-жазушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521