Қырғызстан елі, Бишкек қаласында өтіп жатқан пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында 100 кг салмақ дәрежесінде жерлесіміз Ерсейт Бралин өнер көрсетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ерсейіт – Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2020 жылы Шымкент қаласында өткен пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері атанды.
Ал, 2021 жылы стритлифтингтен, штанганы бицепске салып көтеруден спорт шеберіне үміткер, Ақтөбе қаласында кір тасын көтеруден өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлдегері.
2022 жылы Алматы қаласында болған пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлдегер атанды. Кір тасын көтеру спортынан «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» атағы берілді.
Ал, бүгін жерлесіміз тағы бір жарыс түрінен бағын сынап көрмекші.
Әлем мойындаған күш атасы Қажымұқандай балуанымызға сәттілік тілейміз!