Ерсейт - чемпионаттың қола жүлдегері

(9 Votes)

16-22 ақпан күндері Ақтөбе қаласында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Талай мықты қатысқан дүбірлі додада Атырау облысының спортшылары топ жарып, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

Олардың арасында Құрманғазы ауылының тұрғыны, спорт шебері Ерсейт Бралин бар. 95 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап,қола медальды қанжығасына байлаған батырдың бапкері – Асылжан Мамбетов.

Аймақ намысын қорғаған нар азаматтың алар асуының көбеюін тілейміз!

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521