Ерсейіт біздің ерлеп тұр

(0 Votes)

«Күш атасын танымас» дегендей, құрманғазылық қара күш иесі Ерсейіт Бралинді білмейтіндер кемде кем шығар.

Күрестің сан түрінен бағын сынап жүрген төртбақ денелі, тығыншықтай жігіт кейінгі кездері спорттың экстремалды түрлеріне ден қоя бастады. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктері де жоқ емес. 

Жақында Ақтау қаласының 60 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық «Толағай» алыптар сайысында топ жарып, нағыз қара күштің иесі екенін мойындатты. Ақтау қаласы әкімдігінің және Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған біздің Ерсейіт 1 миллионның байрақты жүлдесін қанжығасына байлады. Сайысқа республиканың бастыс аймағына кіретін Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысынан барлығы 15 спортшы қатысты. Олардың жетеуі әр түрлі спорт түрінен спорт шебері болса, екеуі халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 

Мықтылар бәсекесінде сайыскерлер бір минут ішінде межеленген қашықтыққа салмағы 141 кг табиғи тасты көтеріп жүру, жуан арматураны мойынға қойып ию, салмағы 500 келі жүк тиелген арбаны сүйреу, ағаш үшкір найзаны алысқа лақтыру бойынша өзара күш сынасты.

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT