Ерліктеріңізге бас иеміз

(0 Votes)

Барша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Қарулы күштер ардагерлерін Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесімен және Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылыр күнімен қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің атынан құттықтаймын!

Ел басында күн туғанда сол бір қаһарлы жылдарда жеңісті жақындату үшін майданда да, тылда да жанқиярлықпен күрескендердің барлығы да айрықша құрметке ие, ал қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Жеңіс күні-тарих төрінен орын алатын ұлы мереке! Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің асқан ерліктері мен жанқиярлығы Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл- бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттың қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.

Ол күндердің әрқайсысы ерлікке толы, мәңгілік өшпестей болып жүректерге жазылған. Ал жүректерге жазылған дүние ешқандай өшіруге келмейді.

Ардагерлер алдында бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмірі мен еліміздің болашағы үшін қарыздармыз, ерлеріміздің өшпес рухына тағзым ету-парызымыз. Батырлардың бүгінгі ізбасарлары Отан қорғаушыларымыз-ерлік дәстүрін, Отанға деген адалдықтарын жоғары ұстап келе жатқан қорғанымыз деп сенеміз.

Әр отбасына береке мен амандық, халқымызға бейбіт өмір мен еселі еңбек, Отанымызға бірлік пен жасампаздық тілеймін.

 

Құрметпен:

Құрманғазы ауданының

қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы

Е.Мухамбеталиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521